![Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының жаңа маусымы ашылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41629.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
16 қазан күні Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 69-шы театр маусымының салтанатты ашылуы болады, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметінен.
Жаңа маусымның ашылуына орай «Ақжелкен» этно-фольклорлық балалар ансамблі күй орындап, Ғ.Мүсірепов ескерткішіне гүл шоғы қойылады. Ал, театр сахнасында көрермендер үшін Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» спектаклі қойылады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының жаңа маусымы ашылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91313/)