![Бейжіңде автомагистральдар жабылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41691.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бейжің үстінен тұрған шаң-тозаңнан көру қиындады. Сол себепті қала бірқатар автомагистральды жабуға мәжбүр болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қаланың көлік қызметтері үшін 10 қазан сағат 23:34-тен бастап Бейжіңнің Харбин мен Тяньцзинді байланыстыратын барлық жол учаскесі жабылған.
11 қазан күні 06:00-ден бастап Бейжің-Кэйфэн, Бейжің-Чэндэ, Бейжің-Шанхай және Бейжің-Сянган-Аомэнь магистральдарындағы қозғалысқа шектеу қойылды.
Тұманға байланысты астананың 6-шы айналма автомобиль жолының жекелеген учаскелері жабылды. Сонымен бірге, Бейжің метросының жер үсті учаскелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында уақытша пойыздардың қозғалыс жылдамдығы азайтылған.
Синоптиктердің болжамынша, қалың шаң-тұман сенбінің түніне дейін сейілмейді, сондықтан да жергілікті метеорологиялық қызметтер оның «сары» қауіптілік деңгейінде екенін жариялады, деп хабарлады «Синьхуа» агенттігі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бейжіңде автомагистральдар жабылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91375/)