![Алматыда Kazakhstan Fashion Week сән апталығы өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41737.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматыда қазанның 16-18 аралығында Орталық Азиядағы Kazkhastan Fashion Week сән апталығы өтеді.
Сән апталығы «Алматы – ТМД-ның мәдени астанасы» атты шара аясында Almaty Towers ғимаратында өтеді.
Қазақстан, Украина мен Грузиядан келген 26 дизайнер 2015 жылғы көктем-жазғы маусымға арналған көрсетілімдерді ұсынады.
Сондай-ақ, сән апталығы аясында 4-ші Open Way – 2014 жас дизайнерлер байқауының шешуші сайысы өтеді. Байқаудың жеңімпазы KFW көрсетіліміне грант ұтып алады және Копенгагенда тәжірибеден өтеді.
Сурет: news.headline.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда Kazakhstan Fashion Week сән апталығы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91421/)