«Құрманжан Датқа» Оскардан үмітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Құрманжан Датқа» Оскардан үмітті

13.10.2014
«Құрманжан Датқа» Оскардан үмітті

Жақында Қырғыз Республикасының «Қырғыз киносы» студиясы «Құрманжан Датқа» атты тарихи фильм түсірді. Алай қырғыздарының ханшайымы – Құрманжан Датқаны қырғыз халқы ұлт анасы деп біледі.

Құрманжан жары Әлімбек қайтыс болған соң, қырғыз елінің басын қосып, құрылтай өткізуді армандайды. Осы жолда қырғыз халқын сақтап қалу үшін ол Ресей империясымен бірігу туралы келісімге келеді.

Фильм сюжеті бойынша, орыс әскерінің сарбазы қырғыз қызының шашын алып тастайды. Бұл қорлыққа шыдамаған Құрманжанның кіші ұлы Қамшыбек орыстың екі сарбазын өлтіреді. Ал, бұл үшін ресейліктер Құрманжанның көз алдында ұлы Қамшыбекті дарға асады.

Фильм режиссері – Садық Шернияз. Сценарий авторлары – Садық Шернияз, Бақытбек Тұрдыбаев.

Үш жыл көлемінде түсірілген картинаға 700 актер тартылған. Мемлекет бюджетінен түсірілім жұмыстарына 1,5 миллион АҚШ доллары бөлінген. Фильмде басты рөлді  Элина Абайқызы сомдайды.

Айта кету керек, туынды Оскар сыйлығына «Шетел тіліндегі үздік фильм» аталымы бойынша ұсынылып отыр.  

Фото: www.imdb.com

Хабарламаларға жазылу