![«Алматы-2 – Защита» жолаушылар пойызы 29 қазанда іске қосылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41781.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
29 қазаннан бастап «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған «Алматы-2-Защита» (Өскемен) бағытындағы жолаушылар пойызы іске қосылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады.
Пойыз 23 вагоннан тұрады. Оның ішінде - 2 «Бизнес», 2 «Гранд», 14 «Турист», 1 вагон - мейрамхана, 1 вагон-бар және 3 техникалық вагон.
Құрам Сарыөзек, Үштөбе, Матай, Ақтоғай, Аягөз, Шар станцияларына аялдайды.
Айта кетейік, «Жолаушылар тасымалы» «Тұлпар-Тальго» пойыздарында жол жүруге жеңілдіктер енгізген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Алматы-2 – Защита» жолаушылар пойызы 29 қазанда іске қосылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91465/)