![Жұпар Ғабдуллина: Джузеппе Вердидің «Аидасы» «Астана Операның» төрінде қойылмақшы](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41783.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жақында Италияның атақты «Ла Скала» театрына барып, тәжірибе алмасып қайтқан «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисі Жұпар Ғабдуллина «Таңшолпанда» қонақта болды.
«Ла Скала» театры – әлемдегі үздік театрлардың бірі. Маған осындай мүмкіндік туғанына өте қуаныштымын. Біз Дина Хамзина екеуміз Джузеппе Вердидің «Аида» операсына байланысты барып келдік. Бұл туынды осы қараша айында «Астана Операның» төрінде қойылмақшы»,-дейді әнші.
«Шетелден келген қонақтардан үйренеріміз көп. Алайда, олар біздің мәдениетімізге, қазақтың қонақжайлылығына тәнті болып кетеді. Ұлттың бойындағы ақжарқын мінезі мен кішіпейілділікті жоғары қояды»,-дейді Жұпар Ғабдуллина.
Дауысты ояту, сақтау жөнінде кеңес алғыңыз келсе, сұхбаттың толық нұсқасын көріңіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жұпар Ғабдуллина: Джузеппе Вердидің «Аидасы» «Астана Операның» төрінде қойылмақшы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91467/)