![Нью-Йорк саябағына қазақстандық алма ағашы егілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41805.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Нью-Йоркте америкалық кәсіби бағбандарға қазақстандық алма ағашының тарихы туралы дәріс оқылды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараға Нью-Йорктегі ҚР Бас консулдығы, «Қазақстан-Америка альянсы» ұйымы және Нью-Йорк қаласының мэриясы қатысты.
Бас консул Раушан Есболатованың айтуынша, мұндай дәрістер америкалықтардың Қазақстанның мәдениеті мен тарихын тануына мүмкіндік береді. Нью-Йоркте бүгінде Қазақстаннан әкелінген 50 алма ағашы егілген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нью-Йорк саябағына қазақстандық алма ағашы егілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91489/)