![Жанқожа батырдың өмірі мен ерлігі туралы жазылған туындылар оқырманға жол тартты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41866.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 240 жылдық мерейтойына арналған шаралар Қызылордада бастау алды. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада батырдың өмірі мен ерлігі жайлы шыққан кітаптардың тұсауы кесілді.
Шара барысында Әбдісаттар Оспановтың 3 томдық «Наркескен» тарихи-көркем трилогиясы, Молдахмет Қаназдың «Жанқожа Нұрмұхаммедұлы» зерттеулер мен мақалалары, Нұрлан Көбегенұлының «Жанқожа батыр туралы жырлар», Сардарбек Қожағұлдың «Жанқожа батыр» жинағы оқырманға таныстырылды.
Сондай-ақ, кеште батырға арналған Ә.Оспановтың «Аттаныс» күйі, «Жанқожа батыр» әні, Ә.Күлшебаевтың «Қолбасшы» күйі көпшілік назарына ұсынылды. С.Қожағұлдың «Жанқожа батыр» дастанынан үзінді де орындалды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жанқожа батырдың өмірі мен ерлігі туралы жазылған туындылар оқырманға жол тартты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91550/)