![«Біздің сүйікті санитар»](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41884.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ауыртпалығы таудай, ал алатын алғысы да, айлығы да мардымсыз мамандықтар қаншама. Олар таңнан қара кешке дейін бел жазбастан, сауабы мол жұмыс істейді. Олар – қамкөңіл қарттардың көңіліндегісін дөп басқан жандар. Оларды қарттар үйінен, мүгедектер үйінен кездестіреміз. Олар – санитарлар, күтушілер.
Әсіресе, жүйке ауруымен ауыратындарды күтетіндердің жұмысы қиын. Күтушілер жақыны қарамаған жандарды туғанындай бағып келеді. Жақынынан көрмеген жылулықты жаттан көрген қариялардың, мүмкіндігі шектеулі жандардың, сәбилердің оларға алғысы шексіз.
Бүгін 21.05-те «Айтуға оңайды» көріңіз. Бағдарлама қарттар, мүгедектер үйінде ерен еңбек етіп жүрген санитарлар мен күтушілердің өміріне арналады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Біздің сүйікті санитар»&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91568/)