![«Жас ұлан – 2014» әскери әндер фестивалі қорытындыланды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41914.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін 16-шы республикалық «Жас ұлан – 2014» әскери әндер фестивалінің қорытынды кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шара І Әскери-патриоттық форумға әзірлік шеңберінде ұйымдастырылды.
Фестивальде әскери әншілер, фольклорлық шығармаларды орындаушылар, вокальді-аспапты топтар өз таланттарын ортаға салды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Қатысушыларға Қазақстан композиторларының, өз шығармаларын, фольклорлық жанрдағы шығармаларды орындау ұсынылды.
Енді фестиваль лауреаттары 17 қазанда Конгресс-холлда марапатталмақ.
Айта кетейік, «Жас ұлан» әскери әндер фестивалі 1997 жылдан бері өткізіліп келеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Жас ұлан – 2014» әскери әндер фестивалі қорытындыланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91598/)