![Алматыда ҚР Қарулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет регбиден чемпионат өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41947.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Финалда «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мен «Батыс» өңірлік қолбасшылығы командалары кездесті, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.
Кездесу 10:0 есебімен аяқталып, сәйкесінше, ҚР ҚК регбиден тұңғыш чемпионат кубогын «Шығыстық» спортшылар жеңіп алды. Екінші орында – «Батыс» өңірлік қолбасшылығының командасы. Қапшағай қ. десанттық-шабуылдау бригадасының регбишілері үшінші орынды иемденді.
«Чемпионат жоғары спорттық-техникалық деңгейде өткізілді, және регбидің жеке спорт түрі ретінде ҚР Қарулы Күштердің жеке құрамын даярлауда маңызы өте зор», - деп атап өтті Дене даярлығы және спорт басқармасының бастығы полковник Б.Төленов.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда ҚР Қарулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет регбиден чемпионат өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91631/)