![Ұлттық арна жобаларында өзгеріс бар](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41960.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
1 қарашадан бастап көрерменнің сұрауы бойынша сенбі, жексенбі күндері Ұлттық арнадан сағат 14.15-те «Жедел жәрдем» телехикасы қайта көрсетіле бастайды. Телехикая 24 бөлімнен тұрады.
Сондай-ақ, 4 қарашадан бастап 30 бөлімнен тұратын «Сұлтан Бейбарыс» телехикаясы көрерменге жол тартады. Телехикая дүйсенбі-жұма аралығында 19.30-да көрсетілетін болады.
Сонымен қатар, әр жұма сайын эфирге шығатын «Шын жүректен» жобасының уақыты өзгерді. Жоба 24 қазаннан бастап сағат 21.50-де көрсетіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық арна жобаларында өзгеріс бар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91644/)