![2015 жылғы «Оскар» марапаттау рәсімінің жүргізугіші белгілі болды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41963.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
87-ші «Оскар» жүлдесін марапаттау рәсімін Голливуд актері, әнші әрі иллизионист Нил Патрик Харрис («Смурфтар») жүргізетін болды. Бұл туралы актер Твиттердегі парақшасында хабарлаған. Ал, америкалық киноакадемия мұны растап отыр.
«Бұл - мен үшін үлкен мәртебе. Бала кезімнен «Оскарды» үзбей көруші едім. Енді арманым орындалды», - дейді актер.
Айта кетейік, ол бұған дейін «Тони» және «Эмми» жүлдесін марапаттау рәсімдерін жүргізген болатын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=2015 жылғы «Оскар» марапаттау рәсімінің жүргізугіші белгілі болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91647/)