![Мишель Платини төрешілермен дауласқандарға ақ қағаз көрсетуді ұсынды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41975.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
УЕФА президенті Мишель Платинидің «Футбол туралы сөйлесейік» кітабы жарық көрді. Басылымда автор футбол ережелеріне өзгерістер енгізуді ұсынған.
Ол ресми матчтарда бес ойыншыға дейін алмастыруды ұсынады (2-і үзілісте, 3-і ойын барысында).
Сондай-ақ, Платини арбитрлармен дауласқан футболшыларға ақ қағаз көрсетуді ұсынды. Жазасы – 10 минутқа алаңнан қуылу болмақ.
Платини гол соғатын мүмкіндікте ереже бұзғандарды үш рет жазалаудан бас тарту идеясын қолдады: пенальти, қызыл қағаз және келесі ойынға қатыстырмау.
Сурет: ru.uefa.org
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мишель Платини төрешілермен дауласқандарға ақ қағаз көрсетуді ұсынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91659/)