![Елбасы Ұлыбританияның Премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен кездесті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42005.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«Кездесу барысында тараптар сауда-экономика және инвестиция саласындағы өзара іс-қимылды дамытудың кең ауқымды мәселелерін талқылады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары халықаралық күн тәртібіндегі маңызды мәселелер мен өңірлік қауіпсіздіктің негізгі жайттары жөнінде пікір алмасты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы Ұлыбританияның Премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91689/)