![Астанада Инчхондағы XVII Жазғы Азия ойындарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті (ФОТО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42020.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада ҚР Ұлттық музейінде Инчхон қаласында (Оңтүстік Корея) өткен XVII Жазғы Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова, спорт түрлері бойынша Ұлттық федерация басшылары, XVII Жазғы Азия ойындарындағы ҚР спорт делегациясының жаттықтықтырушылары мен мүшелері қатысты.
Инчхонда өткен Азия ойындары 2014 жылдың 19-қыркүйегі мен 4-қазан аралығында өткен еді. Азия құрлығының 45 елінен 10 мыңға жуық спортшы қатысқан бұл бәсекеді қазақстандық спортшылар жалпыкомандалық есепте 82 медальмен 4-ші орын иеленді. Олар 28 алтын, 23 күміс және 33 қола жүлде ұтып алды. Алтын медальдар саны бойынша (28) Қазақстан Ұлттық құрамасы 1994 жылғы рекордты жаңартты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада Инчхондағы XVII Жазғы Азия ойындарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті (ФОТО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91704/)