![«Әлем Барысына» қатысатын ең жас палуан белгілі болды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42087.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Әлем Барысына» 5 құрлықтан палуандар келеді. Сонау Австралия құрлығынан Джейсон Безуденхут атты палуан келмек. Джейсон Безуденхут – дәл қазіргі уақытта Австралияның ауыр салмақтағы ең үздік палуаны.
Туған жылы – 1996 ж
Бойы – 185 см.
Салмағы – 90 келіден жоғары.
2012-2013 жылдары дзюдодан Кэрнс қаласында өткен Мұхит аймағы чемпионатының жеңімпазы;
2012-2014 жылдары дзюдодан Сидней қаласында өткен Австралия чемпионатының жеңімпазы;
2008-2014 жылдары дзюдодан Австралияның Виктория аймағында өткен чемпионаттың жеңімпазы;
2010-2013 жылдары дзюдодан Австралияның абсолюттік жеңімпазы;
2013 жылғы дзюдодан Жаңа Зеландияның халықаралық дәрежедегі абсолюттік жеңімпазы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Әлем Барысына» қатысатын ең жас палуан белгілі болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91771/)