![Қазақстанның бірқатар облысында күн суытады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42095.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанның бірқатар облысында күшті жел тұрады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
19-21 қазанда Ақтөбе, Қостанай облыстарында, 20-21 қазанда Ақмола, Павлодар облыстарында, 21-22 қазанда Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр жауады. Оңтүстік батыстан соққан желдің жылдамдығы - 15-20 м/с болады.
«Температура түнде 0-5 градусқа дейін төмендейді, кей жерде 10 градусқа жетеді, ал күндіз 2-7 градус жылы»,- делінген хабарламада.
Фото: boston.com
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанның бірқатар облысында күн суытады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91779/)