![Биыл елордада 6 366 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42115.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2014 жылдың қаңтар айынан қазан айына дейін елордада барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 6 366 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Тапсырылған үйлердің жалпы ауданы - 789,047 шаршы метр. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,4 пайызға артық.
Соның ішінде жеке меншік үйлердің жалпы ауданы - 50 609 шаршы метр.
Биыл жеке тұрғын үй құрылысының жалпы тапсырылған үйлердегі үлесі 6,4 пайызды құрады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Биыл елордада 6 366 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91799/)