![«Әлем Барысы». Қазақстан намысын қорғайтын 4 палуанның есімі белгілі болды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42140.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
25 қазан күні Павлодар қаласында өтетін «Әлем Барысы» халықаралық турнирінің жалпы жүлде қоры 150 мың АҚШ долларын құрайды. Оған әлемнің 32 елінен ең мықты деген палуандар келеді.
Осы уақытқа дейін 6 құрлықтан келетін 22 палуанның есімі белгілі боған. Турнирге жарыс қожайыны ретінде Қазақстан атынан 4 палуан қатыса алады. Олар:
Бейбіт Ыстыбаев (2012 жылғы «Қазақстан Барысы»);
Айбек Нұғымаров (2013 жылғы «Қазақстан Барысы»);
Асыл Бәрменов (2014 жылғы «Қазақстан Барысының» күміс жүлдегері);
Руслан Әбдіразақов (2014 жылғы «Қазақстан Барысының» қола жүлдегері).
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Әлем Барысы». Қазақстан намысын қорғайтын 4 палуанның есімі белгілі болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91824/)