![Қарағандыда үшем дүниеге келді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42189.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қарағандыда Эюбовтар отбасында үшем дүниеге келді, деп хабарлады облыстық перинаталдық орталығынан.
«Біздің орталықта үшем туды: екі қыз және бір ұл. Үш сәбидің анасы өзін жақсы сезінеді. Бұл Қарағандыдағы биылдыққа дүние есігін ашқан бірінші үшем», - деді дәрігерлер.
Эюбовтар отбасында үлкен үш бала бар. Үлкен ұлдарының жасы 12-де. Балаларға есім де берілген - Сабыр, Мелеке және Мугаде.
ҚазАқпарат
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыда үшем дүниеге келді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91873/)