![Теннисші Жібек Құламбаева Шри-Ланкада өткен турнирде жеңімпаз атанды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42206.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Шри-Ланкада өткен ITF Junior сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанды.
Спортшы «Sri Lanka Colombo» турнирінде жекелей разряд бойынша алдыңғы орынға шықты.
Финалдық кездесуде отандасымыз Милана Лысовамен кездесіп, 6:0,4:6,6:0 есебімен жеңіске жетті.
Тағы бір қазақстандық теннисші Гозаль Айнитдинова Малайзиядағы «Junior G3» халықаралық турнирінің финалына дейін жетті. Ол финалда француз спортшысы Тессе Андрианжафитримомен кездесіп, екі сетте 4:6, 3:6 есебімен жол берді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Теннисші Жібек Құламбаева Шри-Ланкада өткен турнирде жеңімпаз атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91890/)