![Ағылшын клубы жанкүйерлерге билеттің ақшасын қайтарып бермек](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42213.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ағылшын Премьер-лигасының 8-ші турында «Сандерленд» командасы сырт алаңда «Саутгемптонмен» кездесіп, ойсырай ұтылды. Есеп – 0:8. Осылайша, команда басшылығы стадионға жиналған жанкүйерлерге билет ақшасын қайтарып бермек.
Алайда, жанкүйерлердің жолақысы төленбейді. Трибунадағы билет құны – 24 фунт стерлинг болса, кейбір жанкүйер жолға 152 фунт жұмсаған.
Айта кетейік, «Сандерленд» 8 тур ішінде бір рет жеңіске жетті. Ол 8 ұпаймен 17-ші орынға тұрақтады, деп хабарлайды vesti.kz.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ағылшын клубы жанкүйерлерге билеттің ақшасын қайтарып бермек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91897/)