![Мойынқұмда Құралай сұлу кесенесі ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42216.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында Құралай сұлу кесенесі ашылды.
«Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасын оқымаған қазақ баласы кемде-кем шығар. Құралай сұлу – қазақтың руһын, қазақ қыздарының өрлігін, қанының тазалығын, тектілігін білдіретін тұлға.
1983 жылдары Шу бойынан «Құралай сұлу» аңшылық шаруашылығы ашылған. Бүгінгі тәуелсіздіктің арқасында Құралай сұлудың күмбезін жаңартып отырмыз.
Аңшылық-шаруашылық жабылғаннан кейін, мен осы күмбездің орына келіп, кішкене тақтайшаға «Үнсіз тұрып бұл қабірдің басында, Қайғырыңдар үлкенің де, жасың да. Қазағыңның ар-намысын сатпаған, Қасиетті ару жатыр осында» деп жазып қалдырған едім», - дейді шарада сөз алған құсбегі, этнограф Жапар Сатылғанов.
Сондай-ақ, кесененің ашылу салтанатына облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев қатысты.
«Облысымызда 2 мыңға жуық тарихи ескерткіш бар. Олардың әрқайсысының өз орны бар. Бұл облысымыздағы елеулі кесененің біріне айналары сөзсіз», - деді өз сөзінде аймақ басшысы.
aikyn.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мойынқұмда Құралай сұлу кесенесі ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91900/)