![Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Серік Ахметовтің отставкасын қабылдады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42260.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесті.
Кездесу барысында берген өтінішіне орай, Қорғаныс министрі Серік Ахметовтің отставкасын қабылдағанын айтты. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті құрылымның басшылық құрамына жаңа министр - Иманғали Тасмағамбетовті таныстырды.
Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігі елдің мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды буын саналатынын атап өтті.
Сондай-ақ, Қазақстан армиясының қару-жарағын одан әрі жетілдірудің және оны заманауи әскери техникалармен жабдықтаудың қажеттілігіне назар аударды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Серік Ахметовтің отставкасын қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/91944/)