![Атырау облысында мемлекеттік тілді дамыту бойынша олимпиада өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42323.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Атырау облысында «Тіл - халық жанын танудың кілті» атты мемлекеттік тілді дамыту бойынша олимпиада өтті.
Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу өрісін ұлғайту, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, орыстілді жастардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын артыру.
13 адам қатысқан облыстық турда Гран-при иегері болып, К.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледждің студенті Туранова Нигора атанды.
Ол республикалық олимпиадада бақ сынайтын болады, деп хабарлайды strategy2050.kz.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысында мемлекеттік тілді дамыту бойынша олимпиада өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/92007/)