![Кирсан Илюмжинов Х.Омаров атындағы шахмат клубы оқушыларымен кездесті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42343.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
FIDE президенті, Қалмақ Республикасының бұрынғы президенті Кирсан Илюмжинов 23 қазанда Астанаға жұмыс сапарымен келді, онда Қазақстандағы шахматты дамыту жөнінде, ФИДЕ «Мектептегі шахмат» бағдарламасын бірлесіп іске асыру, сондай-ақ, халықаралық шахмат турнирлерін өкізу жайында бірқатар кездесулер өткізді.
Сапар аясында қонақ Х. С. Омаров атындағы шахмат клубы оқушыларымен кездесті. Қалалық шахмат клубы 1977 жылы құрылған, қазір клубта 400-ден астам оқушы бар, мұнда көптеген дарынды шахматшылар тәрбиеленген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Кирсан Илюмжинов Х.Омаров атындағы шахмат клубы оқушыларымен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/92027/)