![«Online Expo-2017» халықаралық байқауы өткізілмек](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42374.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елордада «Болашақ энергиясы: шығарылатын СО2 мөлшерін азайту» тақырыбындағы бірінші халықаралық форум аяқталды.
Шараға энергетика саласының 500-ден аса жетекші сарапшысы, ғалымдар, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары, мемлекеттік сектор өкілдері қатысты.
Форумда «ЕХРО-2017» стратегиялық контентін әзірлеу қолға алынып, парниктік газдарды қысқарту, энергия тиімді технологиялар енгізу және тұрақты энергияға жалпы қолжеткізуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша халықаралық диалог алаңы құрылды.
Сондай-ақ, форум аясында «Online EXPO-2017» халықаралық байқауын өткізу жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Ал, «Жасыл» экономика бойынша инновациялар мен жобаларды анықтауға бағытталған байқау ғаламторда өткізіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Online Expo-2017» халықаралық байқауы өткізілмек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/92058/)