![Универсиадаға қатысуы мүмкін спортшылар үшін білім беру грантын көбейту қажет](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42382.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2017 жылы Қысқы Универсиадада жақсы нәтиже көрсету үшін қазірден бастап дайындық жұмыстарын бастау керек. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі алқа мәжілісінде отырысында Тастанбек Есентаев мәлімдеді.
«Универсиада – студенттердің спорттық додасы. Унивесиадада жақсы нәтиже көрсету үшін жарысқа қатысуға үміткер спортшыларға білім грантын арттыру қажет», - деді вице-министр.
Айта кетейік, Мәдениет және спорт министрлігі барлық облыс әкімдігімен бірлесіп, 2017 жылғы Қысты Универсиадаға қатысатын спортшылар тізімін құрған болатын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Универсиадаға қатысуы мүмкін спортшылар үшін білім беру грантын көбейту қажет&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/92066/)