![Қазақстандық боксшы AIBA Pro Boxing жобасын сәтті бастады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42499.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2016 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия берілетін AIBA Pro Boxing (APB) іріктеу турнирінде Ілияс Сүлейменов алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.
52 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан қазақстандық боксшы Өзбекстан өкілі Ясурбек Латиповты 3:0 (60:54, 58:56, 60:54) есебімен жеңді. Бұл жекпе-жек Ресейдің Новосибирск қаласында өтті.
Сүлейменовтің келесі қарсыласы – 2013 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Алжир боксшысы Мохаммед Флисси. Ол алғашқы жекпе-жегінде Франция боксшысы Редуан Аслумды екінші раундта техникалық нокаутпен ұтты.
Фото: Астана-Спорт
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық боксшы AIBA Pro Boxing жобасын сәтті бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/92183/)