![«Алматы-Қапшағай» тасжолы 2017 жылдан бастап ақылы жүйеге көшпек](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42511.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Алматы-Қапшағай» автожолы 2017 жылдан бастап, ақылы жүйеге көшпек. Бұл туралы Инвестициялар және даму вице-министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
Қазіргі уақытта тасжолдың 104 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жыл соңына дейін оның 10 шақырымын тапсыру жоспарланған.
«Алматы-Қапшағай» жолындағы жөндеу жұмыстары 2012 жылы басталды. Жоба келер жылы аяқталады. Жол бірінші техникалық категориялық параметрлер бойынша салынуда. 2017 жылдан бастап, ақылы жүйе енгізіледі», деді вице-министр.
Жеңіс Қасымбектің айтуынша, баға әлі бекітілген жоқ. Тасжолдың 63 шақырымы алтыжолақты, 41 шақырымы төртжолақты болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Алматы-Қапшағай» тасжолы 2017 жылдан бастап ақылы жүйеге көшпек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/92195/)