![Шымкент қаласында жер сілкінісі тіркелді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42534.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шымкентте қуаты екі балдық жер сілкінісі болды. Оның кіндігі қалалық сейсмикалық стансадан 15 шақырым жерде тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Шымкенттіктер дүмпуді шамамен сағат 14.12-де сезген. Қазір қаланың қай бөлігінде орын алғанын нақты анықтау үстіндеміз», - деп хабарлады инженер- синоптик Ерікбай Егемберді.
Оның айтуынша, Шымкент сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Қалада дүмпу 8 балға дейін болуы ықтимал. 1937 жылдан бергі бақылау бойынша дүмпу күші 5-6 балдан аспаған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкент қаласында жер сілкінісі тіркелді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/92218/)