![Бүгін еліміздің кей жерлерінде қар жауып, жел күшейеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42554.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан территориясының көп бөлігінде бүгін фронтальды ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар сақталып, жел күшейеді, деп хабарлады Қазгидромет.
Солтүстік өңірлерде боран, ал оңтүстікте - тұман, көктайғақ болады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ақмола облысында кей жерлерде боран соғып, жел 15-20 метрге дейін күшейеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында боран болып, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында түнде боран болады, ал Қарағанды облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Жамбыл облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп күтілуде.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін еліміздің кей жерлерінде қар жауып, жел күшейеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/92238/)