![Көкшетаудағы перинаталдық орталықтан өрт шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42556.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Көкшетаудағы перинаталдық орталықта өрт болып, 72 адам қауіпсіз жерге шығарылды.
Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
Өрт 27 қазан күні, сағат 17:51 шамасында болған. Қауіпсіз жерге шығарылғандардың 37-і – бала.
Жалынды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 30 адам мен 6 өрт сөндіру техникасы тартылды. Зардап шеккендер жоқ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Көкшетаудағы перинаталдық орталықтан өрт шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/92240/)