![Түркия фотографы Анкарада Қазақстан туралы көрме ұйымдастырды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42600.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Анкарада Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің көмегімен белгілі түрік фотографы Явуз Алатанның «Қазақстан туралы фотосуреттер» фотокөрмесі ұйымдастырылды.
Фотокөрме қазақ-түрік мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарын одан әрі дамытуға бағытталған, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Шараға Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің өкілдері, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі қызметкерлері, Анкара дипломатиялық корпусының, халықаралық ұйымдардың, Түркияның қоғамдық-саяси және ғылыми-академиялық топтарының өкілдері, қазақ студенттері мен диаспорасы қатысты.
Явуз Алатан - Түркияның танымал журналисі және фотографы. Оның туындылары Анкара мен Стамбулдың орталық сурет галереяларында көрсетілуде.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркия фотографы Анкарада Қазақстан туралы көрме ұйымдастырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/92284/)