![Елордалық мектептерде 3 жаңа кадет сыныбы ашылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42654.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алдағы уақытта Астана қаласында жаңа 3 кадет сыныбы жұмысын бастамақ.
Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасының бастапқы әскери дайындық жөніндегі әдіскер, қалалық Әскери-спорттық клубтар федерациясының төрағасы Сергей Шарыпов мәлімдеді.
Оның айтуынша, мектептерде бастапқы әскери дайындыққа (БӘД) бөлінген сағаттардың қысқартылуына байланысты оқушылардың қосымша білім алуына баса назар аударылуда.
Әскери-спорттық клубтар болашақта өмірлерін әскери күштермен байланыстырғысы келетін балаларға арналған.
Астанада қазіргі кезде 41 әскери-спорттық клуб бар. 2015 жылға қарай әскери клубтар Балалар үйлері мен кешкі мектептерді де қамтитын болады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордалық мектептерде 3 жаңа кадет сыныбы ашылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/92338/)