![Алматы-Өскемен бағытында жаңа жүрдек пойыз іске қосылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42660.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Алматы-2 – Защита» (Өскемен қаласы) бағытында жаңа жүрдек пойызын іске қосты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Пойыз 23 вагоннан құралған. Екеуі «Гранд», екеуі «Бизнес», 14-і «Турист» санатындағы вагондар. Сондай-ақ, мейрамхана, бар және 3 техникалық вагон бар.
Отандық «Тұлпар-Тальго» зауытында шығарылған вагондардан құралған құрам күнара қатынайтын болады.
«Өскемен қаласына дейінгі жол жүру уақыты – 17 сағат 45 минутты құраса, кері бағытта – 17 сағат 08 мнутты құрайды», делінген хабарламада.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы-Өскемен бағытында жаңа жүрдек пойыз іске қосылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/92344/)