![Астанадағы жәрмеңкелер маусымын Ақмола облысы аяқтайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42678.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Биылғы жәрмеңкелер маусымын Ақмола облысының тауар өндірушілері аяқтамақ. Жәрмеңкеге өңірдің 17 ауданынан 300-ден астам кәсіпорын қатысады.
Қалалық алаңда 120 сауда орны ашылып, 4 киіз үй тігіледі.
Сондай-ақ, келушілер назарына концерттік бағдарлама ұсынылмақ. Шара барысында түрлі шығармашылық ұжымдардың 200-ден астам өкілі өнерлерін ортаға салады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанадағы жәрмеңкелер маусымын Ақмола облысы аяқтайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/92362/)