![Тұрар Рысқұловтың 120 жылдығына орай конференция өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42716.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
5 желтоқсанда М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Тұрар Рысқұлов – Қазақстан, Орталық Азия мен Ресейдің көрнекті мемлекет қайраткері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Шара Тұрар Рысқұловтың туғанына 120 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.
Конференцияда Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі, Тұрар және тұтас Түркістан идеясы, Т.Рысқұлов және Әулие-Ата өңірі, Т.Рысқұлов – экономист және қаржыгер, Т.Рысқұлов – публицист, қазақ әдебиеті мен өнеріндегі оның бейнесі, Т.Рысқұлов және түркітану мәселелері талқыланбақ.
Конференцияны Қазақстан Ғалымдар Одағы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті және
Білім жәнем ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің Экономика институты ұйымдастырады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тұрар Рысқұловтың 120 жылдығына орай конференция өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/92400/)