![2015 жылы Елордада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша үш тұрғын үй кешені тапсырылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42746.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Келесі жылы Астанада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша үш көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталады. Астана қаласы Құрылыс басқармасының хабарлауынша, жалпы ауданы 48,4 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй кешендері мына мекенжайлар бойынша орналасқан:
- Брусиловский, Иманов және Жұбанов көшелерінің ауданында, жалпы ауданы 11,9 мың шаршы метрлік 272 пәтер;
- Тілендиев даңғылының оңтүстігінде Сарыбұлақ өзенінің бойында жалпы ауданы, 14,6 мың шаршы метрлік 295 пәтер;
- Тілендиев даңғылының оңтүстігінде Сарыбұлақ өзенінің бойында, 22,9 мың шаршы метрлік 530 пәтер.
Осылайша, 2015 жылы 1 097 елордалық отбасы жаңа пәтерге қоныстанады. Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламаны одан әрі жүзеге асыру үшін ведомствода тағы да 5 тұрғын үй кешенінің құрылысын бастау үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=2015 жылы Елордада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша үш тұрғын үй кешені тапсырылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/92430/)