Орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы, WBC тұжырымы бойынша уақытша Әлем чемпионы Геннадий Головкин қараша айының екінші жартысында Қазақстанға келіп, Астана мен Алматы қалаларында жанкүйерлерімен кездесу өткізбек, деп хабарлайды боксшының «Вконтакте» желісіндегі жеке парақшасында.
Онда спортшы Астана мен Алматы қалаларында жанкүйерлерімен кездесу өткізеді. Сонымен қатар, Астанада тілшілермен өтетін баспасөз мәслихатына қатысатыны айтылған.
«Мен жерлестерімің қолдауын жоғары бағалаймын. Қазақстанда менің көп жанкүйерлерім бар. Мен олармен кездесетініме қуаныштымын», - дейді Головкин.