![«Жас тұлпар» республикалық байқауы басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42808.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Байқау қазақстандық патриотизмді дамытуға елеулі үлес қосқан дарынды, белсенді жастарға қолдау көрсетуге бағытталған.
«Жас тұлпар» сыйлығы Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға, қоғамдық ынтымақтастықты қамтамасыз етуге, жастардың жан-жақты дамуына және мемлекеттік тілді, мәдениетті, өнерді, әдет-ғұрыпты, жастар ортасында тарихи мұраны дәріптеуге, Қазақстанның жас патриоты образын, сондай-ақ, шетелде Қазақстанның беделін арттыруға үлес қосқан қазақстандықтарға беріледі.
Жоғары кәсіби нәтижелерге қол жеткізген 35 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары сыйлық алуға үміткер бола алады. Сыйлық әрбір аталым бойынша 1 миллион теңге мөлшерінде беріледі.
Байқау материалдары қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. Құжаттарды қабылдау – 30 қарашада (құжат алынған күні) аяқталады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Жас тұлпар» республикалық байқауы басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/92492/)