![«Шалқар» ұлттық радиосында - Жаңалықтар](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42835.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгіннен бастап, «Шалқар» ұлттық радиосы тыңдармандарын әр сағат сайын ел және әлем жаңалықтарынан хабардар етеді.
Маңызды жаңалықтар тізбегін күн сайын сағат 09.30, 10.30, 11.30, 14.30, 15.30, 16.30 және 17.30-да тыңдай аласыздар.
«Шалқар» ұлттық арнасы - республикадағы тек қазақ тілінде хабар тарататын жалғыз арна. Радио өнімдері қазіргі кезде республика аумағының 62,04 пайызына тарайды.
Бұған дейін Қазақ радиосының құрамдас бір бөлігі - редакция болып келген радиоарна 2014 жылдың ақпан айынан бастап жеке радио болып қайта құрылғанын айтқан болатынбыз.
Радио ұжымы бұдан бөлек, жаңа маусымда тыңдармандарына «Білімдіден шыққан сөз», «Шабыт» радиотеатры, «Таңжарық» ақпаратты-танымдық, сазды бағдарламасын ұсынды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Шалқар» ұлттық радиосында - Жаңалықтар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/92519/)