![Жаңақорғанда жаңа мешіт ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42855.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сунақ-ата ауылдық округіне қарасты Еңбек елді мекенінде жаңа мешіт ашылды.
Мешіттің ашылу рәсіміне қатысқан аудан әкімі С.Тәуіпбаев бұл мешіттің аудандағы 31-ші мешіт екенін атап өтті.
«Әбу Тәліп Ата» атындағы мешітті салған ауыл тумасы, ауданда ұзақ жылдар денсаулық саласында басшылық қызметтер атқарған Нұрілда Тәліповқа ауыл халқы ел атынан ат мінгізіп, шапан жапты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жаңақорғанда жаңа мешіт ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/92539/)