![Қарағандыда шахтада болған жарылыстан бір жұмысшы қаза тапты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42906.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
4 қараша күні шамамен сағат 3.30-да Қарағанды облысындағы «Қазақмыс» корпорациясының Оңтүстік-Жезқазған кенішінде жарылыс болды.
Бұл туралы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.
«Жарылыс № 65 шахтада болған. Алдын ала ақпарат бойынша, бір жұмысшы оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі кезде екінші қызметкердің алған жарақаттарының ауырлығы анықталуда», - деді «Қазақмыс Қазақстан» ЖШС баспасөз қызметінің жетекшісі Владимир Магай.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыда шахтада болған жарылыстан бір жұмысшы қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/92590/)