![Астананың тұрақтандыру қорына 5 мың тоннадан астам өнім сатып алынды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42941.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астана қаласын азық-түлікпен қамтамасыз етуді және әлеуметтік маңызды тауарлар бағасын ұстап тұруды мақсат еткен тұрақтандыру қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану аясында жалпы көлемі 5 262 тоннаны құрайтын өнім сатып алынды, деп хабарлады astana.gov.kz.
2014-2015 жылдарға арналған азық-түлік тауарларының 10 түрі бекітілді. Соның ішінде, картоп, сәбіз, қызылша, пияз, қырыққабат, күріш, қарақұмық, қант, ұн, күнбағыс майы бар. Аталған тауарлардың барлығы сауда орындарына жіберілмес бұрын «Аstana» ӘКК» ҰК» АҚ-ның екі көкөніс қоймасында сақталады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астананың тұрақтандыру қорына 5 мың тоннадан астам өнім сатып алынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/92625/)