![АҚШ-та «Пайғамбарға (с.ғ.с.) махаббат» көрмесі өтуде](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42962.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
АҚШ астанасы Вашингтон қаласында ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) құрметіне арналған ислам каллиграфиясы көрмесі ашылды. Шара АҚШ-тағы Түркия елшілігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған, деп хабарлайды muslim.kz.
«Көрменің мақсаты – Құран және пайғамбар (с.ғ.с.) хадистері арқылы Ислам құндылықтарын жұртшылыққа жеткізу», – дейді Түркия елшісі Сердар Кылыч.
«Пайғамбарға (с.ғ.с.) махаббат» көрмесінде танамал каллиграф туындылары қойылды. Онда қасиетті Құран аяттары, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) өнегелі өсиеттері, сондай-ақ Алла елшісінің есімдері өрнектелген.
Сурет: islam-today.ru
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-та «Пайғамбарға (с.ғ.с.) махаббат» көрмесі өтуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/92646/)