![«Шабыт» фестивалінің қазылар алқасы шеберлік сағатын өткізеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42989.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада шығармашыл жастардың XVII «Шабыт» халықаралық фестивалінде жас музыканттар, бишілер мен жазушылар 6 аталым бойынша бақ сынауда.
Белгілі композиторлар, дирижерлер, музыканттардан құрылған қазылар алқасы байқауға қатысушылар үшін шеберлік сағаттарын өткізеді.
8 қарашада Қазақ Ұлттық Өнер университетінде байқау лауреаттарына дипломдар мен мақтау қағаздарын табыстау шарасы ұйымдастырылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Фестивальдің бас жүлдесі - ҚР Президентінің кубогы.
Биыл фестиваль «Халық музыкасы» және «Камералық хор» аталымдарының қосылуымен ерекшеленеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Шабыт» фестивалінің қазылар алқасы шеберлік сағатын өткізеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/92673/)