![«Шабыт» фестивалінің үздік ақындары анықталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_43026.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
XVII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» аталымы бойынша байқау өз мәресіне жетті. Астана қаласы әкімдігі Астана қаласы Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өктізілген байқауға 100 ақын іріктеліп, оның 50-і екінші кезеңде бақ сынады.
XVII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» («Поэзия») аталымы бойынша Гран-при жүлдесін жас ақын Батырхан Сәрсенхан иеленді. Жүлделі І орынды ақын Олжас Қасым, жүлделі ІІ орын тараздық талантты ақын Хамит Есаман, жүлделі ІІІ орынды қарағандылық ақын Жадыра Байбұланова иеленді.
Халықаралық конкурстың арнаулы сыйлықтарының иегерлері:
Астана қаласы әкімдігінің ҚР Халық жазушысы Фариза Оңғарсынова атындағы арнайы сыйлығының иегері – Әлия Іңкәрбек.
Астана қаласы әкімдігінің Нағима Өтепова атындағы арнайы сыйлығының иегері – Калича Жакыпова .
«Казконтент» АҚ «Әдебиет поталы» Интернет-жобасының Әмірхан Балқыбек атындағы арнайы сыйлығының иегері – Бекзат Смадияр.
«Казконтент» АҚ «Әдебиет поталы» Интернет-жобасының Әбділда Аймақ атындағы арнайы сыйлығының иегері – Шерхан Талап.
«Фолиант» баспасының Кәкімбек Салықов атындағы арнайы сыйлығының иегері – Динара Мәлік.
«Ұлт» порталының Төлеужан Исмайылов атындағы арнайы сыйлығының иегері – Нұржан Қадырәлі.
«Жұлдыз» журналының Ғафу Қайырбеков атындағы арнайы сыйлығының иегері – Саян Есжан.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Шабыт» фестивалінің үздік ақындары анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/92710/)