![Петропавлда Түркі мәдениетінің фестивалі өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_43027.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Петропавл қаласында Қазақстан Халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Түркі мәдениетінің фестивалі өтті.
Фестиваль осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.
Мақсат – түркітілдес халықтардың басын біріктіріп, олардың мәдениетін кеңінен насихаттау.
Сахнаға шыққан қазақ, әзірбайжан, өзбек, татар, ұйғыр, қырғыз, күрд ұлттарының өкілдері ән мен биден шашу шашты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Петропавлда Түркі мәдениетінің фестивалі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/92711/)